Түркістан
EN

Кеден бекеттерінде 2 452 әкімшілік іс қозғалды

115
22.07.2022

2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына қарасты кеден бекеттерінде 2 452 әкімшілік іс қозғалып, салынған айыппұл мөлшері 73 903 323 теңгеге жеткен. Техникалық құралдардың арқасында 705 заң бұзу фактісі анықталып, 26 697 570 теңге сомасына айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Серік Мәліков мәлімдеді. 

СЕРІК МӘЛІКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Көліктік бақылау жүргізу кезінде 516 автокөлік құралына қатысты әкімшілік шара қолданып, 20 641 023 теңге көлемінде айыппұл өндірілсе, 650 көлік құралына қатысты салмақтық параметрлер 1 тоннадан аспауына байланысты, жүріп өткен жол үшін 36 189 314 теңге сомасында кедендік алымдар өндіріп алынды. «ИДК күдікпен» мөртабанын қою нәтижелері бойынша тауарларды декларацияламаудың 1142 фактісі анықталды, қосымша кедендік баждар ретінде 7 050 42 теңгені өндірілді.