Аптап ыстықта шомылушылардың саны артатыны белгілі. Дегенмен суға түсу бір жағынан демалыс болғанымен, екінші жағынан қауіпті. Себеп - қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.
Жыл басынан бері облысымызда суға кеткен 30 жан анықталған. Оның 22-сі жас бала. Осы мақсатта Төтенше жағдайлар мен Түркістан қалалық полиция басқармасы ескерту жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Қазіргі кезде туристер мен демалушылар көп келетін Шаға жағажайында суға бату фактісі тіркелмеген. Оған себеп құртқару қызметі мен күшейтілген кезекшіліктің арқасында дейді- жауапты сала маманы Оразбай Шералыұлы.
ОРАЗБАЙ ШЕРАЛЫҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АРТҚАРУШЫ, МАЙОР:
- Қазіргі жағдайға дейін осы департамент қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігінің арқасында оқыс оқиға орын алмады. Ондай оқиға тіркелген жоқ. Дегенмен демалушылардың арасында болды. Балаларын қараусыз қалдырғандар. Бірақ біздің құтқарушылар дер кезінде алдын алды.
Айта кетейік аптаның соңына дейін күннің ыстығы 45градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Аптап ыстықта адамдар салқындайтын жағажай іздейді. Сондықтан қала тұрғындарына алғашқы көмек қалай беру қажет екені көрсетілді.
Онымен қоса, рейд кезінде Арыс-Түркістан каналдарында заңсыз суға шомылған екі азамат анықталды. Оларға анықтама қағазы беріліп,түсіндірме жұмысы жүргізілді.Айта кетейік реттік шаралар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 364 және 440 баптары бойынша 19 азаматқа іс-шара қолданылды.