Елорда сары аймаққа енді. Коронавирус жұқтыру көрсеткіші соңғы тәулікте 642-ге жеткен. Жалпы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды облысында вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен 24 сағатта коронавирус инфекциясының 2257 жаңа жағдайы тіркелген. Әзірге қызыл аймаққа енген қала жоқ.