Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды. Сондай-ақ ол, Аманат партиясының құрамынан да шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының өкілдері хабарлады. Еске салсақ, Алматылық депутат, бизнесмен Қайрат Құдайберген сәуір айында ұсталған болаты. Ол қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілікті. Бас прокуратураның мәліметінше, Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге "Қазақстан" қонақ үйіне адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің айналасына топтасуға, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар қоюға шақырған.