Жайылымды заңсыз берген 520 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы мәлімдеді. Жалпы қазақстанда жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен 3 млн гектар жайылым бар екен. Анықталғандай тағы 18 млн гектар жер бос жатыр. Қазір 5 млн гектар мемлекетке қайтарылып, тағы 4 млны айналымға енгізілген. Бас прокуратура учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудырғанын атап өтті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді дейді. Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.