Қазақстанда өткен тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары. Мегаполистерде індет белгілері 600-ге тарта адамнан анықталған. Қос шаһардың да сары аймаққа өту қаупі жоғары. Сондай-ақ Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында да бір тәулікте ковид жұқтырғандар 100-ден асқан.