Түркістан
EN

Қазақстанда киік саны өсіп келеді

195
20.07.2022

Бүгінде киік санының төмендеуі тоқтаған. 2003 жылы елімізде киік саны 21 мың болса, биыл 1 млн 318 мың дараққа көбейіп отыр. Олардың саны Кеңес Одағы кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш 1 млн 200 мыңнан да асып кетті. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовтың айтуынша Қазақстанда киік санын реттеу мәселесін шешу үшін терең ғылыми зерттеу жұмысы басталады. Ол бірнеше жылға созылуы ықтимал.

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

- Киік санын қалпына келтіру - бұл Қазақстанның жетістігі екені сөзсіз, киіктің әлемдік популяциясының 95%-ы біздің елімізде. Киік – қазақ үшін киелі жануар, ұлттық брендіміз де деуге болады. Оны сауатты басқару - біздің алдымызда тұрған үлкен міндет, барлық пікірлерді ескеріп, міндетті түрде ғылыми орталықтармен ақылдасып, жүйелі түрде шешу қажет.