Түркістан облысында 20-22 шілде аралығында сынап бағанасы 47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Қазгидромет мамандары осылай деп дабыл қағуда. Аталмыш ыстық облысымызға Иран елінен келіп жатқан көрінеді. Синоптиктер алдағы күндері Арыс, Отырар, Түркістан қаласында 45-47 градус, Шымкент қаласында 40-43 градус ыстық болады деп болжап отыр. Әзірге оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жоқ.
АЛИНА ИСМАГУЛОВА, ҚАЗГИДРОМЕТ РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- 20 Шілде күні Қазақстанның барлық аумағына солтүстік-батыс атмосфералық циклонға байланысты орталықта және оңтүстікте және оңтүстік-батыста аптап ыстық күтілуде. 18 Шілде Қазгидроменттің болжамына сәйкес дауылды жауын-шашын күтілген болатын. Сонымен қатар Атырау облысында күндіз 40 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталса, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында 42-45 градусқа дейінгі ыстық сақаталады деп күтілуде. 20-21 Шілдеде Қызылордада 45-46 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.