Қаңтар оқиғасына қатысты 545 адам сотталды. Оның 349-і қамауға алынған. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік нысандарға және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқаны анықталған.
ЕЛДОС ҚИЛЫМЖАНОВ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмысқа қатыстылығы туралы мәліметтер жеткілікті. Қаңтар оқиғалары бойынша сотқа барлығы 479 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 545 адам сотталды. Нақты бас бостандығынан айыру жазасын билік өкілдеріне қатысты күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыстарды жасағандар, сондай-ақ залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы алды
Сондай-ақ прокурор ұрланған қарудың 2 мыңнан астамы әліде қылмыскерлердің қолында екенін айтты. Ұрланған атыс қаруларын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай, Шымкент қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Түркістан облысының 2 тұрғынын ұстаған. Айта кету керек қаңтар оқиғасына қатысты 8 өңірде 30 мыңнан аса тергеу жүріп жатыр.