Түркістандағы қоғамдық көліктердің жайы қандай?

329
16.07.2022 08:52

Маршрут жоқ па, адам көп пе? Күннің ыстығында автобус күтіп, мезі болған тұрғындар жаңа автобустар көбейгенін қалайды. Қала маңындағы ауыл аймақтарда автобус пен аялдама мәселесі өзекті. Ал мамандар не дейді? 

Қаланың шеткі аудандарына орталықтан жүретін қоғамдық көлім саны айтарлықтай азайған. Атап айтсақ 7, 30, 31а, 17, 8, 1а, 5, 9 нөмерлі маршуттар бар. Осы көліктердің жүру жиілігі мен жүретін бағыттарына халықтың көңілі толмай жүр. Бекітілген кестемен емес, өз қалауымен жүретін автобус жүргізушілеріне ештеңе істей алмай отырмыз дейді. Мәселен 31 а бағытындағы көлік діттеген жерге бармай айналып кетсе, 30 номерлі автобус өз жолын қысқартып жаңа қаланың сыртымен өтеді екен.  

ШЫНАР БАЙМАХАНОВА, ТҰРҒЫН:

- Қазір күтіп тұрғаныма жарты сағаттай уақыт болды.Кейде 40 мунитқа дейін 50 минутқа дейін 30-ды күтеміз.Таң ертең өзіміз жұмыстан асыққанда,өзіміз арғы жақтан төрт көше, бес көше жаяу келеміз, мына жерде бір сағат тұрамыз.Коммунизмге баруымыз үшін екі сағат үш сағат уақыт кетеді. Жұмысқа уақытда бара алмаймыз.Кешігіп барамыз:Таң ертеңгісінде кешігіп келеді.Осы жерге келіп тұрамыз. Аялдамада жоқ.Күннің астында тұрамыз.

Бұл саладағы тағы бір мәселе - аялдаманың жоқтығы. қаланың шет аудандарын былай қойғанда жаңа қала аумағында да аялдама жоқтың қасы. қоғамдық көлікті күткен жұрт күннің ыстығында көлеңке таба алмай әуре. Жалпы қала аумағында 100 аялдама ортанту жоспарланған. Қазір оның 85-і салыныпты. 

Осы мәселелерге қатысты  Қалалық жол бөліміне барып жауап алуға тырыстық. Дегенмен жауапты басшылық демалыста, ал  орынбасары неге екені белгісіз түрлі сылтау айтып басында бізбен сөйлескісі келмеді. 

Бірақ кейіннен сұрақтарға жауап берді. Жауапты маман қаладағы автобустардың басым бөлігі жекенің меншігі болғандықтан біз көп ескерту айта алмаймыз деді.  

ҰЛАН ЖАМБЫЛ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТО КӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

- 21 қоғамдық көлік бар, онда  220 жуық шығарма топтары қызмет көрсетеді.Бізде қазір қоғамдық көлік мәселесі өте өзекті мәселенің бірі. Оған себеп болған 2020 жылдағы коронавирус басталған болатын бүкіл әлемдік.Сол кезде осы қоғамдық көлікте шектеу болды.

Жоспар бойынша Түркістан қаласындағы қажеттілікті қамтамасыз ететін қоғамдық көлікті мемлекеттік мекемелер 2025 жылға дейін сатып алады. Яғни үш жыл ішінде жайлы, жаңа автобустар келеді. Әзірге қарапайым халыққа көшеде жүрген қоғамдық көліктермен амалдай тұруға тура келеді.