Індет басталғалы әлем бойынша 160 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті. Ресми ақпарат деректеріне сенсек, Германияның өзінде пандемияға шалдыққандардың саны 3,5 миллионнан асады. Олардың 3,23 миллионы яғни 90 проценті дертінен айыққан.