Тамыз айында 4 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл денсаулық министрі Ажар Ғинияттың кезекті болжамы. Бүгінде Елорда мен Алматы, Шымкент қалаларында індет дендеп тұр. Вирус жұқтырғандардың саны 2,5 есеге өскен. Сондықтан «Ашық» қосымшасы қайтадан жұмыс істейтін болады. Осы ретте министр эпидемиологиялық ахуалға байланысты шектеулер легіне де тоқталды. Бұл тұрғыда КВИ-ге шалдыққандар мен байланыста болғандарға қатысты қашықтықтан жұмыс істеуге шығару тәртібі ескерілген. Мұнымен қоса, қоғамдық орындарда міндетте түрде маска тағу бойынша шаралар қабылданады.
АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
- Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалрының үлгісінде біз ауырған адамдардың 80 пайызын біз егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын вакцинация өткенін байқадық. Бұл тағы да коронавирусқа қарсы вакцинаның қажет екенін растайды. Яғни инфекциялық болсын вакцинациядан кейін иммунитеттің уақытша екені тек 6 айға жететінін ғалымдар да дәлелдеп отыр.