Ұзындығы 92 метр болатын аспалы көпір пайдалануға берілді. Қазығұрт ауданы Өндіріс елді мекенінде орналасқан жаңа нысанның жұмысы мерзімінде аяқталып, ашылу рәсімі өтті.
Өндіріс елді мекені тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені, Тастақсай өзенінен өтетін көпір кеңес одағы кезінде асарлатып салынған болатын. Әр жылы көктемгі және күзгі су тасқындары салдарынан көпір бұзылып, тұрғындар мен әскери застава қызметкерлері қатты қиналатын. Енді бұл қиындықтарды да артта қалдырып, жаңа нысанның лентасын қуанышпен қиды.
ЗАУРЕ ТӨЛЕБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Қанша жылдан бері армандаған көпіріміз іске қосылып отыр. Халықтың игілігі үшін жұмыс жасай берсін. Ел жұртымызға құдай тыныштық берсін. Елімізге амандық беріп, осы көпірдің үстінде ойнап күліп,тыныштық заман болып жүре берсін.
БАХРОМ САБИТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Қазығұрт ауданында елеулі күн болып тұр. Себебі соңғы жылдары Қазығұрт ауданында салынған төртінші көпір.Бұл көпірдің маңыздылығы стратегиялық маңызы көпір.Себебі Қазығұрт ауданындағының орталығы шекара заставасымен байланыстырады. Бізде шекара заставасы бар. Міне енді көпір халықтық игілігіне беріп отыр, әрі стратегиялық маңызы бар көпір деп айтқым келеді.
Көпірдің ұзындығы 92, ал ені 10,40 метр. Жаңа көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 178 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында бастау алған болатын. Нәтижесінде бастама аяқсыз қалмай өз мерзімінде сапалы аяқталды.
АРМАН АБДУЛЛАЕВ-ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Қадірлі жерлестер, ендігі біздлің міндетіміз көпірді күтіп ұстап, ел игілігі үшін ұзақ уақыт бойы қызмет етуге бір кісідей атсалысу. Әрқашанда әрқайсысымыздың кіщкентай отбасымыздан басталатын, кең байтақ ұлы отанымыздың іргесі берік, көк туымыздың тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.Көпірлеріңіз құтты болсын дегім келеді.
Көпір салу-сауапты істің ең қайырлысы саналады. Осындай жақсылыққа ат салысқан азаматтарға халық дән риза. Ендігі ауыл тұрғындарының қажеттілігі электр қуаты. Аудан әкімі жарық көзімен қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан жұмыстарды қатаң бақылауда ұстап отыр.