Түркістан
EN

«Түркістан Арена» УЕФА-ның екінші категориясын алды

113
14.07.2022

«Түркістан Арена» УЕФА-ның екінші категориясын алды. Бұл туралы Қазақстан Футбол Федерациясы хабарлады. Яғни енді стадион келесі матчтарды қабылдай алады: – УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары; -Жастар құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері; -17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері; -Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері. Айта кетейік, "Түркістан Арена" 2020 жылдың 30 тамызында пайдалануға берілді.