Шардара қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа республиканың түпкір-түпкірінен келген 600 спортшы қатысуда. Шара барысында еліміздің күрестің осы түрін дамытуға сіңіріп жатқан еңбегі үшін, мемлекеттік жаттықтырушы Қонысбаев Жандос пен ҚР жасөспірімдер кұрамасының аға жаттықтырушысы Төребеков Бақытжан алғыс хатпен марапатталды.