Түркістан
EN

Қазақстанда короноавирус қайта күшейді

104
14.07.2022

Алматы қаласы бетперде тағу режиміне қайта оралды. Мегаполистің санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті халыққа ғимарат ішінде маска тағуды ұсынып отыр. Бұған өңірде коронавирустың күрт күшеюі себеп болған. Өйткені Қауіпті індетті алдыңғы тәулікте 450 адам жұқтырса, күні кешегі көрсеткіш 2 есеге өсіп 800-ден бірақ асқан. Осылайша Қазақстанда жалпы ковид-19 инфекциясын жұқтырғандардың  саны 1 млн 311 мың адамға жетіп олтыр. Өңірлер бойынша еліміздегі 3 миллионды қаладағы ахуал алаңдатарлық. Тарқатып айтсақ, бүгінде 3 700 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 433 пациент стационарда, 3 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус жұқтырғандар арасында 16 адамның жағдайы ауыр. Айта кетейік Түркістан облысында да дертке шалдыққандардың саны төрттен 13 адамға жоғарылаған.