6 ай жұмыс істеген кез-келген кәсіпкер Даму қоры арқылы 20 млн тенге көлемінде несие алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы бизнес өкілдерінің мәселелері талқыланған жиында сөз болды. Яғни осы мүмкіндікті пайдаланғысы келген кәсіпкерге банк қызметкерлерінің бағыт-бағдар беріп, 5 минутта рәсімдеп бере алады. Қолыңызда жоба болса болғаны.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту күн тәртібінен түскен емес. Даму қоры мен халық банк бірлесіп кәсіпкерлердің бизнес көкжиегін кеңейтуге тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Яғни жеке кәсіппен айналысып жатқанына 6 айдан асқан кез-келген азамат банктен 21 пайызбен несие ала алады. Тиімділігі даму қоры кәсіпорын қалада орналасса несиенің 6 пайызын ауылдық мекенде 5 пайызын өтеп береді. Айта кетейік, аталған несиені кез-келген кәсіпкер үйінен шықпай-ақ 5 минуттың ішінде рәсімдей алады.
ГҮЛНАРА АБДУЛЛАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
- Бөлмем кішкентай болғандықтан үлкейтуді жоспарлап отырмын. Құдай қаласа беріп жатқан кредиттермен тағыда үлкендей цех ашқым келеді, магазиндерімді ашқым келеді. Болашақта кредит беру орнына түседі, мерзімді екі жылдан да ұзартып береміз дегенге қатты қуанып отырмыз бәрімізде.
Тойдың болғаныннынан болады қызық дегендей, әуелі кәсіп көзін дұрыс таңдап, оны ашып, жүргізу қиынның қиыны. Осы мақсатта сала мамандарынан кәсіп ашамын деген азамат нені білуі керек екенін сұрап көрдік.
НҰРБАҚЫТ ИМАНҚҰЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Біріншіден бизнес план болу керек. Бизнес планды жасау үшін тегін кәсіпкерлерді қолдау орталығы бар.Соларды тегін дайындап береді. Сондан соң бағыт бағдар беріп, біздің банктерге алып барады.Сол жерде несие алуға көмектеседі.Біздің облыс бірінші орындас негізінде қарбыз экономикасы бойынша, бизнес жүргізу рейтингтері бойынша бірінші орында.Біз негізі агролық облыс болсақта жақсы дамыс жатырмыз.102мың субъекті бар республика көлемінде үшінші орындамыз.
Кәсіп бастаймын деген жандарға да мемлекеттен қолдау бар. Мәселен бизнес өкіліне қажетті құрал-жабдықтарды алуға 5 жылға дейін,құрылыс жұмыстарына 2 жылдық несие берілетіні айтылды.