Түркістан
EN

Оқушылар жазғы демалыста не істейді?

277
13.07.2022

Жаз мезгілінде әрбір ата-ананы баламның бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады деген ой мазалайды. Бірі өрендерді ата-әжесінің тәрбиесін алсын деп ауылға жіберсе, ендігісі лагерь іздеп сабылады. Кейбірі балаларын қосымша сабақтарға беріп, білімін жетілдіреді. Нақ қазіргі таңда Түркістанда балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге арналған қандай орындар бар?

Түркістан қаласында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге болатын бірден бір орын облыстық оқушылар сарайы. Мұнда жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған 60 тан астам үйірме бар.  Атап айтсақ, өрендер өнер , шығармашылық, IT Сана, ғылым қалашығы, ЛинвоLand, Спорт сынды жанрларда өздерінің жаңа қырларын ашса болады.   

ИНДИРА САРҚЫТҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз мектеппен бірге тоқтап қалмаймыз. Жаз уақытында балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін оқушылар сарайы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 1 250 бала үйірмеге қатысуда. 

Айдын Ибадулла Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде білім алады. Сабақтан тыс мезгілде оқушылар сарайындағы керамика үйірмесіне қатысып жүргеніне 1 жылдан асыпты. Биылғы жазғы демалысын да осында өткізіп, арда өнердің қыр-сырын меңгермек.  

АЙДЫН ИБАДУЛЛА, ОҚУШЫ:

- Керамика мен суретке қатысамын. Керамикамен әртүрлі нәрселер жасайсын. Құмыралар немесе басқа заттар жасауға болады. Ал сурет салғанда демалып, неше түрлі краскамен өзің қалағандай сурет сала аласың. Балаларға неше түрлі сабақтар бар. Өзіне ұнаған, қалаған сабағына қатыса алады. 

Балалардың бос уақытын тиімді өткізу жауапты органдардың күн тәртібінен түскен емес. 2022  Балалар жылы деп жарияланған соң, Президенттің тапсырмасына сай жеткіншектердің білім алуы, тынығуы, қауіпсіздігі, денсаулығына  қатысты барлық мәселелер осы жылы шешілуі тиіс. Мәселен, биыл әлеуметтік жағдайына байланысты 23 мыңнан астам бала қала сыртындағы лагерьлерде тегін демалады деп жоспарланған.  Тағы 35 306 бала ата-аналар есебінен ақылы тынықпақ. 

ЖАНДОС МАХАНБЕТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Биыл республика президентінің бұйрығымен осы жыл балалар жылы деп белгіленген. Осыған байланыстьы көптеген үйірмелер ашылып, балалардың уақытын тиімді паайдалануға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, жазғы мезгілде 281 меткеп жанынан лагерьлер жұмыс істеп жатыр. Онда балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Онда 30 мыңдай шәкірт демалады деп жоспарланған.