Бүгін облысымыздағы ең белсенді оқушылар Түркістаннан Алматыға жол тартты. «Jas Leader Akademiiasy» жобасының пилоттық нұсқасы осыдан бір жыл бұрын Шымкент және Түркістан облысындағы 50 мектепте іске қосылған. Түркістан облысы республикадағы мектеп оқушыларының саны бойынша көшбасшы. Сондықтан, жобаны іске асыру үшін осы өңір таңдалған.
НҰРГҮЛ НҰРТАЗАҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ №22 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
- Бұл форумда балалар тағы да өздерін жаңа қырынан ашып, лидерлікке дайындайды деген үлкен сенімдемін. Бұл іріктелген оқушылар,бір-екі күндік тренингтер өтіп жатты 1 жыл бойында. Сол треннингке қатысқан оқушылар өз жетістігімен бір жылдық нәтижемен бара жатқан оқушылар.
Жоба аясында 5-11 сынып аралығындағы 12 000 мектеп оқушысы факультативтік сабақтардан өтті. Көпшілік алдында сөйлеуді, уақытты басқаруды, топпен жұмыс жасауды, жанжалдарды шешуді үйренген 26 мектептен ең белсенді 207 оқушысы Алматыда өтетін форумның екінші бөліміне шықырылған.
АЙАРУ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ №14 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
- «Jas Leader Akademiiasy» факультативіне қатыстым. Қатыса келе, мен өзімді дамыта отырып өзгелермен араласуды және оларға сыйластық танытуды,олардың ойын тыңдай білуді үйрендім. Мен бұл форумға өз белсенділігім мен адал еңбегіммен бара жатырмын деп айта аламын.
Форумға шеберліктерін шыңдауға қызығушылық танытқан үздік оқушылар мен бірге 25 жетекші мұғалімдер, сонымен қатар, арнайы медицина қызметкерлері аттанды. Онда олар тренингтер мен ашық ауадағы іс-шараларға қатысады. Сонымен қатар балалармен түрлі саланың көшбасшылары кездесіп, «жетістік құпияларымен» бөліседі.
БИБАРЫС ДҮЙСЕНБЕК, Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ №16 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
- Бұл көшбасшы сабағына мен өз өзімді ашуға, еркін сөйлеуге үйрендім. Форумға бара жатқаныма өте қуаныштымын. Өзімнің қасиеттерімді ашуға бара жатырмын деп ойлаймын.
Айта кетейік, осы жылы «Jas Leader Akademiiasy» жобасы Жамбыл және Қызылорда облыстарында тағы 50 мектепте басталады. Ал алдағы үш жыл ішінде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жетісу және Алматы облыстарындағы мектептерді қамту жоспарлануда.