Шымкенттік автобус жүргізушілері жеті күнде 700-ге жуық жол ережесін бұзған. Оны полиция департаментінің «Автобус» іс – шарасы барысында анықтаған. Атап айтқанда, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 26, маневр жасау қағидалары бойынша 52 оқиға тіркелген. Одан өзге, 64 жүргізуші техникалық байқаудан өтпесе, 136- сы ұялы телефон пайдаланған. Бүгінгі таңда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Одан өзге, аудандық полиция басқармасы белгіленбеген жерден өткен 600-ден аса жүргізушіні анықтады.
Жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 21, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 26, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген – 10, техникалық байқаудан өтпеген – 64, қарсы жүріп өту қағидаларын бұзған – 3, Міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзған – 2, шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 15, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салудың 1 дерегі бойынша хаттамалар толтырылды.