Түркістан
EN

Созақ ауданының тұрғыны жекеменшік клиника дәрігерлеріне ашулы

141
12.07.2022

Жеке меншік клиникадан ем аламын деп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Түркістан Облысы Созақ ауданы тұрғыны Маржан Бейсенбаева дәрігерлердің салғырттығынан жұбайынан айрылып қала жаздады. Сөзінше «Рио-Мед» клиникасының дәрігерлері күйеуінің қандай жағдайда екенін бақылып денсаулығын тексермеген. Ал дәрігерлер болса, есігін тарс жауып, сұқбат беруден бас тартты. 

Созақтан келген бұл ағайынның Түркістанның қақ ортасында орналасқан мына медицина орталығының дәрігерлеріне өкпесі қара қазандай. Емделушіні ешқандай арнайы тексерістен өткізбей, тамырын ұстап, қалаған инесін сала берген. Қыруар қаржы төлеп, 2-3 күн өткеннен кейін 4 баланың әкесі жан сақтау бөлімінен бірақ шықққан. Қысқасы «Рио-Медтен» қияметті көрдік дейді - ес-түссіз қалған азаматтың жұбайы.

Тамыр ұстап, шөп дәрімен емдеуді негізге алатын бұл клинкада ине шаншырлық орын жоқ.  Базынасын айтып келген ағайынға дәрігер жауап беруден бас тартты . Ал орталықтың заңгері болса, полиция шықыртып зардап шеккен жәбірленушінің жұбайының үстінен арыз жазамын деп қадап айтты.   

Осыдан 4 күн бұрын жан сақтау бөліміне түскен Азамат Бейсенбаев қазіргі сәтте Түркістан қаласының орталық ауруханасында. Күні кеше көзін ашыпты. Жеке клиниканың ақ халаттыларын жазалауды қалайды.  Ем іздеген ер азамат енді дәстүрлі медицнаға мойнымды бұрмаймын дейді. 

Жедел жәрдем көрсеткен Орталық аурухана дәрігерлері азаматтың өмірін сақтап қалу үшін ұзақ күрескен. Бір сағат кешіккенде төрт баланың әкесін табытпен кетер еді дейді. Эндкринолог маман Мәдина Еркінбайқызы көпшілікті кім көрінгенге қаралмауға шақырады. 

Азаматтың амандығын тілеп отырған отбасының ендігі мақсаты әділдікке қол жеткізіп, кінәлілерді жазаға тарту.