Түркістан
EN

Кентау қаласы Хантағы ауылында әкім сайлауы өтті

675
12.07.2022

Түркістан облысы, Кентау қаласы Хантағы ауылында әкім сайлауы өтті. Бұрынғы ауыл басшысының қызметтік мерзімі аяқталған соң, тұрғындар тікелей сайлау арқылы өз әкімдерін өздері таңдауға алғаш рет мүмкіндік алып отыр. Ол үшін елді-мекенде бірден 3 учаске ашылған. Комиссия мүшелері таңнан бері сайлаушылардың кезекке тұрып, жасы да, кәрісі де белсенді қатысқанын айтады. Бақылаушылар да сайлау әділ өтіп жатыр деген пікірде.  

СҰЛТАН АЗАТ, БАҚЫЛАУШЫ:

- Сайлау комиссиясы бұл жерде отырған 5 кісі бар. Қала белсендісі, блогерлер де бар. Енді әділ өтіп жатқанын қарап отырмыз. 100 пайыз әділ десем де болады. Кешке дейін уақытымыз бар. Халық келіп жатыр.