Түркістан
EN

Бір тәулікте 400-ден аса адам коронавирус жұқтырған

122
12.07.2022

КВИ індеті қайта таралуда. Елімізде өткен тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматы қаласы «сары» аймақта. Түркістан облысы  COVID көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан. Өңірде соңғы тәулікте коронавирусқа қатысты 3 жағдай тіркелді. 

Қазір аймақ бойынша 40 инфекциялық төсек-орын дайын. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 3000-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Өңірде індет басталғалы дерт жұқтырғандар саны 18 500 адамға жетті. Сондықтан дәрігерлер салғырт болмай, сақ болуға шақырады.