Биыл Түркістан облысынан Солтүстікке 344 мүшесі бар 122 отбасы қоныс аударған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір аз көрсеткіш. Себебі алдын көшкен азаматтардың тең жартысы жаңа өңірге сіңісе алмаған. Оған себеп жергілікті жерлерде осы салаға бейімделген, арнайы мәліметпен қамтитын кадрлардың тапшылығы. Олқылықтың алдын алу үшін тіптен парламентке де ұсыныс енгізіп, тиісті заң жобасын қайта қарау қажет. Өйткені биылғы меже тіптен жоғары. Жыл соңына дейін 6 жарым мың адамды Солтүстікке көшіру көзделген.
БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
- Жер кезегінде 130 мыңнан астам адам тұр. Демек бізде бәсекелес өте жоғары. Жұмыстық 5,2 пайызды құрайды. Өңірде 2 млннан астам қалық тұрады.Біз Республика бойынша халық саны көптік жағынан бірінші орындамыз. Ал бірақ баспанамен қамтуда, тұрғын үйге арналған жер беруде бізде көптеген проблемалар бар.Себебі жердің жетіспеушілігі, бар жерлерге тиісті инфрақұрылым жүргізу, жол, нарық ,газ, су жеткізу проблемалары бар.Мұның тиімді жолы Солтүстік өңірлерге аттандыру.
Сондай-ақ, Аманат партиясының Түркістан облыстық филиалында өткен мәжілісте 2022 жылы мүгедектерге бейімдеуі қажет болған 260 мекемеге жүргізілген мониторинг нәтижесі айтылды. Тексеру бойынша талаптарды сақтамаған 11 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 857 мың теңге айыппұл салыныпты.