Түркістан
EN

Шымкенттік азамат ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

142
09.07.2022

Түркістан облысының полицейлері шартты түрде жазасын өтеп жүрген шымкенттік ер адамды ірі көлемде есірткімен ұстады. Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде, Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген Toyota Camry көлігі тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес зат салмағы 1 келіден асатын марихуана болып шықты. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қазір қамауда. Әзірше оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.