Түркістан
EN

Шардара ауданында кәсіпкер биогумустың пайдасын көріп отыр

379
09.07.2022

Шардаралық шаруалар да органикалық тыңайтқыштарды өндіру ісін қарқынды дамытып келеді. Мәселен өңірдегі кәсіпкер Бақытжан Нұржанов биогумус өндіру кәсібін нәсібіне айналдырып отыр. Еңбекқор азамат ауылшаруашылығына қажетті табиғи тыңайтқышты үйінің ауласынан алып отыр. Бастапқыда ол төрт шаршы метр жерде шылаушын асырап, биогумус алған болса, қазір өндіріс аумағын он бес шаршы метрге дейін ұлғайтқан.  

Шардаралық Бақытжан Нұржанов есімді азамат біраз жылдан бері агроөнеркəсіппен айналысып келеді. Алайда еккен егіндері өнім бермей, шығынға батқан. Себебі бұл аудандағы жерлер сорға айналып,  бетіне тұзы шығып кеткен. Құнарсыз жердің зардабын тартқан Бақытжан қолдан табиғи биогумус əзірлеуге бет бұрған. Шет елден жүз мың шұбалшын сатып алып, . қазір олардың санын он бес миллионға жеткізген. Осылайша биогумус табиғи тыңайтқышын өндіріп, диқандарға саудалаған кейіпкер бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Бүгінде ол өз білімі мен білігімен өзге аймақтағы биогумус өндірушілермен бөлісуде. Айта кетерлігі, елімізде шұбалшаң асырауды кәсіп еткендердің саны бүгінде бес мыңға жеткен. 

Сегіз қырлы бір сырлы Бақытжан Нұржанов шұбалшыннан бөлек Павловня ағашын өсіруге ден қойыпты. Қызығы, жылына алты метр өсетін жапониялық ағаш өнімді жемістей емес, бал ретінде береді екен. Бұл ағаш та бүгінде биогумустың арқасында жайқала өсіп тұр. Шардаралық кәсіпкердің жұмысымен танысқан семинарға қатысушы семейлік азамат та өз өнімі туралы айтып берді.

Бақытжан Нұржановтың қолға алған ісі туралы әлеуметтік желі арқылы көріп, қызығушылық танытқан тараздық Рахымжан Тұрсымбеков те бүгінгі жиынға арнайы келіпті. Ол бұған дейін де Шардараға келіп тегін, биогумус өндірудің қыр-сырын 3 ай ішінде меңгерген. Қазір ол 2 мың шаршы метр жерге шұлаушаң өсіріп, биогумус өндіріп, мол табысқа кенелген жайы бар. 

Кәсіпкерлердің түпкі мақсаты Игерілмей қалған жерлерге биогумус арқылы нәр беріп, халық игілігіне қолдану.  Химиялық тыңайтқышқа тәуелділікті азайтып, халыққа таза табиғи жеміс-жидек пен көкөністі ұсыну. Сондай-ақ органикалық тыңайтқыштар арқылы өнімнің сапасы мен шығымын арттыру.