Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жаңадан салынған жол Гиннестің рекордттар кітабына енуі мүмкін. Өйткені төселген асфальт небәрі 60-70 келі адам салмақ салып басса үгітіліп кетеді. Осыны көрген өңірдегі Жаңаталап елдімекенінің тұрғындары шу шығарды.
Көпшіліктің базынасын аудан әкімінің орынбасары келіп тыңдады. Көрді, көңілінен шықпағанға ұқсайды. Өйткені Наркөшкен, Серуен және Сейфуллин көшелеріндегі жаңадан төселген асфальттан кемшіліктер анықталды. Мамандардың айтуынша, мердігер олқылықтарды ағымдағы жылдың 11 шілдесіне дейін қайта қалпына келтіруге міндеттеледі. Жөнделмеген жағдайда кәсіпкер айыппұл арқалауы мүмкін.
БАХЫТЖАН ПОЛАТОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 2022 жылы барлығы 72 көше жөндеуден өтіп жатыр. Республикалық облыстық және аудандық бюжеттен 2 млрд. үстінде қаржы бөлінді. 2017-2018 жылмен салыстырғанда едәуір көп. Салыстырып айтқанда 2018 жылы 500 млн теңге болса, 2 млрдтың үстінде қаражатты жолға бөліп жатырмыз. Жаңа талаптың өзінде екі көше жөндеуден өтуде, 12 көшеге шағал төселуде. 2 көшенің ұзындығы 900 метр мен 8000 метрдің үстінде төселуде.