Түркістан
EN

Қоқыс полигонынан келген зиян тұрғындарды мезі етті

168
08.07.2022

«Түтінге тұншығып отырмыз. Таза ауамен тыныстау арман болды. Қоқыс полигонынан келген зиян денсаулығымызды құртты».  Абай ауданына қарасты Ақжар ауыл округінің тұрғындары Парламент Мәжілісінің депутаты Ғани Ташқараевқа осылай деп базыналарын айтты. Сондай-ақ, жол мәселесі де халықтың мазасын алған көрінеді. Ал депутат халық үніне құлақ түріп, олардың ұсыныс тілектерін жоғарыға жеткізуге уәде етті. 

Ауыл азаматтарының бас ауыртар проблемасы шаш етектен. Соның негізгісі – ауыл маңындағы қоқыс полигоны. Мұндағы жұрт қолаңсы иіс аңқыған полигоннан зардап шегіп отырғаны туралы бұған дейін де талай мәрте арызданған. «Түтінге тұншығып өміріміз өтіп жатыр», - деген тұрғындарға Ғани Ташқараев жауап берді. Оның айтуынша, жоспарға сәйкес елміздің 6 өңірінде қоқыс өңдеу зауыты салынбақшы екен.   Қаладағы полигонға барып өрттің шығу және оны сөндіру мәселесі бойынша «Green Line» серіктестігінің басшылығымен кездесетіндігін жеткізді. 

ҒАНИ ТАШҚАРАЕВ-ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Қоқыс зауыттары қазір тоқтап қалды. Осы мәселе бойынша жаңада айтып жаатырмын. Бүгінгі мәселеллерді парламент мәжілісінде талқылайтын боламыз.

Жергілікті билік тарапынан шешілетін мәселелерге қатысты сауалдарға Абай ауданының әкімі Бұқарбай Паврмановтың өзі жауап беріп отырды. 

БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Сіз сияқты ұлы отан соғысының ардагері бар еді. Қазір марқұм қайтыс болып кетті. Сол кісіге барып, өтініш жасадым. Осы сіздің әңгімеңізді айттым. Өзі үйін қоршап алаған. Алдына барып, мүмкіндік беруін сұрадым. Келісті. Ағаш егіп тастадық айналасына. Сіздерге де соны айтамын. Ауламыздың сыртын көгалдандырайық, өздеріңіз сол жерде демаласыздар. Үй ауласындағы 1-2 метр сіздерге пайда әкелмесі анық. 

Сондай-ақ, жиында жол мәселесіде қозғалды. Бұл аумақта 37 көше бар. Тас жолдар былай тұрсын, топырақ көшелер де бар көрінеді.  Ал мәжіліс депутаты аудан басшысына тым құрығанда топырақ жолдардан арылу керектігін қадап айтты.