Түркістан
EN

Түркістанда картоп 180 теңгеден сатылуда

255
08.07.2022

Түркістан облысында кей көкөніс түрлері күрт арзандады. Өткен аптада бағасы аспандап 400 теңгеден сатылған қызанақ бүгінде 150 теңгеге, ал картоп 180 теңгеден сатылуда. Сабылған жұрт күнделікті тұтынатын туарлардың бірі арзандап, ендігісі керісінше қымбаттағанын айтады. 

Мәселен, осыған дейін 350 теңгеден сатылған сәбіз қазір нарықта 200 теңгеден саудалануда. Пияз бен қияр бағасы керісінше қымбаттаған.  1 келі қияр 200-ден 250 теңгеге, пияз 250-ден 280 теңгеге өскен.

ӘЛІБЕК ПЛӘЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Пияз бағасының қымбат болуы, облыста пияз енді жиналып жатыр. Сондықтан нарықтық баға осындай жағдайға байланысты жоғары болып тұр.

Ал, саудагерлердің пікірі тіптен басқа. Олар өз өңірімізден шығып жатқан көкөністің қымбаттап жатқанына наразы. Алынған әр тауардың келісіне  40-50 теңге ғана қойып сатсақ та, жұрт оны қымбатсынып жиі алмайтын көрінеді. Тиісінше сөреде тұралап қалған жеміс жидектер жарамсыз болып қалады екен. 

Айта кетейік,биыл облыс бойынша 43 мыңнан аса гектарға көкөніс дақылы егілген. Аумақтан қазір 363 мыңнан астам өнім жиналыпты.