Түркістан
EN

Қарағандыдағы орман өрті өршіп барады

108
07.07.2022

Қарағанды облысының орманды алқаптарын жайлаған өрттің беті қайтар емес. Алдын ала есеп бойынша 40 гектар жасыл желек отқа оранған. Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қазір орманды жерлердегі өрт ауыздықталды, тек саяжай аулаларындағы өрт және тұтанған ошақтар сөндірілу үстінде. Тілсіз жаумен күресуге ТЖД, әскери бөлім, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы, Қазавиақұтқару күштері себінен барлығы 289 адам, 68 бірлік техника жұмылдырылған.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ-МҰРАТ ҚАТПАНОВ: 

- Қарағандының орманды аймақтарында 2 өрт ошағы бақылауда. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, тілсіз жау 70 гектар жерді шарпыған, оның 40 гектары орман. Өрттен 6 саяжай (1 жұмыс істемейді), 7 саяжай аумағындағы 15 шаруашылық ғимарат жапа шекті. Саяжайдан 5 адам құтқарылды, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді.