Пандемияның жаңа толқыны басталды

341
05.07.2022 05:33

Бетперде тағуды бастауымыз қажет. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Себебі кезекті пандемияның  жаңа толқыны басталып,  Алматы қаласы сары аймаққа кірген. 

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 158 жағдайы тіркелген. Ал Елордада 35 адам вирус жұқтырса,  Алматыда 88 тұрғын емделуде. Жалпы еліміз бойынша 1 155 адам аталған дертке шалдыққан. Сондықтан әрбір азамат шектеулерді назардан тыс қалдырмай, мойын сыну қажет.