Түркістанда 11 миллион теңгенің балығын заңсыз саудалағандар ұсталды

131
05.07.2022 05:07

Түркістандық полицейлер 11 млн теңгенің балығын заңсыз аулаған браконьерлер тобын ұстады. Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу нәтижесінде күдіктілер балық аулауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, яғни қайықтар, костюмдер, электр қондырғыларын қолдана отырып, табиғи ресурстарды өндіруді табыс көзіне айналдырғаны анықталды. 

Белгілі болғандай, браконьерлер түнгі уақытта Шардара және Көксарай су қоймаларында, табиғат қорғау инспекторларының жоқ сәтін біліп, заңсыз балық аулаған. Содан кейін олар екі автокөлікпен заңсыз ауланған балықтарды Шымкент қаласының базарларына апарып сатқан. Ақшасын өзара бөлісіп отырған. 

СҰЛТАНБЕК ҮСІПБЕКОВ -ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде, 2 автокөлік, 3 қайық, 4 қайық қозғалтқышы, 10 қармақ, 6 балық аулау костюмі, 2 радиостанция және басқа да балық аулау құралдары, сондай-ақ 120-дан астам балық аулау торлары мен 1,5 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіледік.  Бүгінде 3 күдіктіні қамауға алдық, топтың қалған мүшелеріне қатысты тергеуді ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша жүргізудеміз.  Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.