Елуге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасында тұр

160
05.07.2022 03:53

Елуге жуық отандасымыз Өзбекстан-Қазақстан шекарасынан елге кері өте алмай тұр. Нүкістегі наразылықтан кейін  Өзбекстан билігі Дәуіт ата - Тәжен бекетін жауып тастаған. Үш күн қатарынан шекарада қалған халықтың ас-суы таусылып, паналайтын жер таппай отыр.  Олардың айтуынша Қазақстан мен Өзбекстан елшілігіне хабар жіберген. Дегенмен әлі күнге дейін  көмек қолын созғандар жоқ екен.

Еске салайық, 1 шілдеде Қарақалпақстанда шерулер басталды. Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Қарақалпақстанның бас қаласы – Нүкістегі митингілерге "республикада жүргізілген конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу" себеп болғанын атап өтті.

Өзбекстанның қолданыстағы конституциясында Қарақалпақстан осы республика халқының жалпы референдумы негізінде ел құрамынан шығу құқығына ие егемен республика ретінде көрсетілген. Жақында ел конституциясына түзетулер жобасына сәйкес бұл ережелерді алып тастау ұсынылатыны белгілі болған еді. Қарақалпақстан халқы бұл өзгерістерге наразылық білдірді.