Республикада жыл сайын жол апатынан 2 мың адам қаза табады

170
05.07.2022 03:44

Жыл басынан бері мыңға жуық адам жол апатынан көз жұмды. Бұдан бөлек 8 мыңнан астам адам әр түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы 6 айда елімізде  6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал статистиканың қайғылы көрсеткіштерін келтіретін болсақ – соңғы 5 жылда ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қайтыс болады екен 

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Жол-көлік оқиғасының 95% жүргізушілердің кінәсінен орын алады. ЖКО себептері бұрынғыдай жылдамдық режимін асыру, маневр жасау қағидаларын бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің ЖҚЕ бұзуы болып отыр. Жылдамдық режимінің сақтамай басқаруға байланысты 1,5 мыңға жуық ЖКО тіркелді, онда 300-ге жуық адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жарақат алды. 

Аталған деректердің ішінде балалардың қатысуымен мыңнан астам жағдай тіркелген. Салдарынан 70-тен астам бала көз жұмған. Адам шошырлық мәліметтің алдын алу үшін 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылмақ. Бүгінде 9 781 жол белгілері мен 397 дана ақпараттық панно және 23 118 белгі бағанасы мен 26 766 дана катафоттарды  орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Жоспар шеңберінде 2 733 шаршы метр шулы жолақтар мен 27 064 метр қоршау (кривбрус)  орнату жұмыстары да іске асырылуда.Барлық жол элементтерін орнату жол-көлік оқиғасын болдырмау және қарсы бағытпен соқтығысудың алдын алу мақсатында қолға алынуда.