Шымкентте ЛРТ және БРТ салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһардың бас жоспары 2012 жылдан бері өзгермеген. Ол кезде облыстық қала болатын. Бүгінде мегаполиске айналды. Сондықтан халықтың өсу динамикасына байланысты өзгерістер енгізіліп жатыр. Осылай деген Мұрат Дүйсенбекұлы бас жоспраға ЛРТ мен БРт құрылысы енгізіліп отырғанын жеткізді.
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жалпы қалаға альтернативті транспорт керек. Халықтың динамикасы өсіп жатыр. Сол үшін бұл сызылған мәселе БРТ мен ЛРТ жасау. БРТ өздеріңіз білесіздер, арнайы жолды автобусбен қолданудың мүмкіншілігі болады. ЛРТ жүйесінің бәрі бір күн бізде шеңбер қылып сызып жатыр. Ол болашақта үкіметпен ақылдасылып іске қосылатын болады.
Брифинг барысында БАҚ өкілдерінің бірі ел арасында Шымкент әкімі жақын арада қызметінен кетеді деген қауесет барын жеткізді. Алайда Мұрат Айтенов мұндай шешімді мемлекет басшысы қабылдайтынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Әйтеновтің қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда қалалық әкімдік бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, Мұрат Әйтенов аталған қызметке 2020 жылғы қаңтар айында тағайындалды.