Түркістан
EN

Павлодарда елтаңбалар қоқысқа тасталған

128
04.07.2022

Павлодарда елтаңбалар қоқысқа тасталған. Екі мемлекеттік рәміздің индустриялық аймақ маңындағы қоқыс төгу орнында жатқанын экологтар байқап қалыпты. Ақпаратты тексеру үшін Павлодар қаласының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен ішкі саясат бөлімі оқиға орнына барған.  Енді тозығы жеткен рәміздерді дұрыс жолмен жоймаған тәртіп бұзушылар ірі көлемде айыппұл арқаламақ. Қазір қылмыстық кодекстің 372-бабы яғни Мемлекеттік рәміздерді қорлау сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл бап бойынша 2 мың АЕК дейін айыппұл төлеу немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар мен екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.