Елде өткен тәулікте 189 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Ковид жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында. Жалпы аймақтарда ауруды жұқтырған 788 адам емделіп жатыр, 6 науқастың жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, емханаға түскендер арасында ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп. Елде коронавирустың таралуына қатысты жағдай күрделене берсе, алдағы уақытта маска тағу тәртібі қайта енгізілуі мүмкін.