Жамбыл облысында өндіріс орынында екі жұмысшы қаза тапты. Олар фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеп жатқанда, құрылғы қосылып кеткен. Оқиға кеше кешкісін «Казфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған. Фосфор ұнтақтайтын құрылғыны жөндеу кезінде, ол кенеттен іске қосылып кетіпті. Ішінде 5 жұмысшы болған екен. 1987 және 1994 жылы туған екі қызметкер оқиға орнында бірден қайтыс болған. Ал өзге 3 адам түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі таңда аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.