Түркістан
EN

Түркістан облысында «екпе салынды» деп жалған құжат толтырылған

222
01.07.2022

Түркістан облысында ірі қара мен ұсақ малды дәрілеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілген. Жұқпалы ауруларға қарсы екпе салынғаны жөнінде жалған құжат толтырылған. Ал іс жүзінде төрт түлік егілмеген болып шықты. Прокуратура жүргізген тексеріс кезінде осындай олқылықтың беті ашылды. Қадағалаушы орган өкілдерінің сөзінше, Түлкібас, Жетісай мен Сайрам аудандарында сатылып кеткен малға да екпе егілді деп жалған есеп берілген. Ал Түлкібас ауданындағы 9 ауылдық округте тұрғындардың малы тіркеуге алынбай, егу жүргізілмей келген. 

АСЫЛБЕК ТҰРШЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:  

- Осылар бойынша қызметкерлерден, дәрігерлерден түсініктемелер алынды. Ұсынудың қаралу нәтижесімен бірқатар облыс көлеміндегі аудандардағы ветеринариялық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.