Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында Сақ дәуірінен қалған Шыңырау құдықтар табылды. Нақты саны әзірге бесеу. Арақашықтықтары 1,5 шақырымды құрайды. Құдықтардың тереңдігі 20-40 метрге дейін жетеді дейді археолог Серік Зарап. Шыңырауларды жергілікті малшылар байқаған. Олардың іші тастармен өріліп, беті үлкен тас плитамен жабылған. Сондай-ақ құдықтың айналасынан жебе ұштары, ескі тиындар мен әшекейлер де табылыпты. Бұл жаңалық Арыс қаласының болашақта ірі туристік орталық болуына жол ашады деген ойдамыз дейді тарихшы-археологтар.