Түркістан
EN

Ақсу өзенінде суға батып кеткен студенттер 5 күннен бері табылмай жатыр

164
01.07.2022

Түркістан облысындағы Ақсу өзенінде суға батып кеткен шетелдік студенттер 5 күннен бері табылмай жатыр. Мәйіттерді іздеу жұмысына барлығы 58 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ "Қазәуеқұтқару" мекемесінің тікұшағы атсалысып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, су ағысы тым қатты болғандықтан табу қиынға соғуда. 

Айта кетсем, қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16.00 шамасында болған. Ақсу шатқалында Шымкенттегі медициналық академияда білім алған Үндістаннан келген екі студент суға батып кетті. Жігіттердің жасы 20-дан сәл асқан еді. Оқиға орнына кейінірек төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді.

НҰРҒАЛИ ЖҮНІС, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар, сонымен қатар полиция департаменті, жергілікті артқарушы органдарынан, жалпы 58 адам және 8 техника жұмылдырылған. Ақсу өзенінің арнадағы шатқал, құздарының болуына байланысты жаяу іздестіру қиындық тудырғандықтан «КАЗАВИА» құтқару мекемесінің тікұшағы іздестіру жұмысына жұмылдырылды.