Түркістан қаласында кенеттен соққан дауыл көп қабатты үйдің шатырын жұлып әкетті. Оқыс оқиға кешкі мезгілде болған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тұрғындардың айтуынша баспананың шатыры жақында ғана ауыстырылған екен.
Түркістан қаласы 1 шағынауданда орналасқан №32 үйдің тұрғындары әп-сәтте әбігерге түсте. Кенеттен соққан дауыл 4 қабатты баспананың шатырын ұшырып әкеткен. Апат айтып келмейді, тілсіз жаудың кесірі деп қолды сілтеуге тіліміз бармайды дейді жиналған жұрт. Өйткені шатыр жақында ғана ауыстырылған екен. Жабындының ұшып кетуіне жұмысты сапасыз атқарған мердігер кінәлі дейді олар.
ҮСЕН ЖҰМАНОВ, ТҰРҒЫН:
- Төртінші қабатта тұрам. Менің пәтерімнің алдында жоғарыға шығатын есік бар. Сол жерден кірпіш түсіп, қазір менің есігімнің алды лас болып жатыр. Қазір мына жердің бәрін істеп жатқан тазалық қой
Төрт қабатты тұрғын үйдің ірге тасы 1986 жылы құрылған. Әзірге нысанды кім қалпына келтіретіні де белгісіз. Шатырдан бөлек тұрғындарға да материалдық шығын келген. Бірінің терезесі сынған, ендігісінің салқындатқышы істен шыққан. Жарық та жылп етіп сөне қалыпты.
ҚАТИРА БҮРКІТБАЕВА, ТҰРҒЫН:
- Сымдар да дұрыс қойылмаған. Отыз екінің үстінен отыз бестің төбесінен жүрген, олда дұрыс емес. Заң бойынша жердің астымен жүру керек. Ол да бір күні тоқ тартып құлауы мүмкін.
Зәре құты қашқан тұрғандыр төтеншеліктерге хабарласыпты. Алайда олардан ешбір әрекет болмаған. Екі жылдан бері әкімдіктің табын тоздырып зорға ауыстарған шатырды енді қайта кім қалыпқа келтіріп береді деп алаңдаулы жұрт.