Түркістан
EN

Қайрат Боранбаев шымкенттік кәсіпкерді бопсалап келген

181
01.07.2022

Лауазымды тұлғалардың  қысым көрсетуінен  100 милионнан астам ақшамнан айырылдым. Түркістан облысы Сарағаш ауданының кәсіпкері арнайы брифинг өткізіп, осылай мәлімдеді. Ол «Сарыағаш-Алекс»  минерал зауытының тасымалдаушысы болып келген. Кәсіпорынды 2017  жылдан бастап Қайрат Боранбаев сатып алады. Содан бастап қазір қамауда отырған олигарх тапқан табысыңның 50% өзге  компанияға аударып отырасың. Егер айтқанды істемесең отбасыңа қауіп төндіреміз деген көрінеді. Кәсіпкер жанұямның амандығы үшін айтқанды істеуге мәжбүр болдым дейді.

ҮМБЕТ АРТЫҚПАЙ, КӘСІПКЕР:  

- «Алекс» зауытының қауіпсіздік қызметкері маған келіп Қайрат Боранбаевтың жеке тапсырмасы оны ешкім білмеуі керек. Керек болса отбасың да білмеуі қажет. Ол кісінің кім екенін білесіздер. Ол Айсұлтан Назарбаевтың қайнатасы деді. Олар маған жалған реквизиттерді әкеліп мен соған 73  милион теңге аудардым.

Үмбет Артықбай 2017-2019 жылдар аралығында аталған олигарх айтқан серіктестіктерге жалпы сомасы 107 миллион теңге қаржы аударған. Кәсіпкер 2020 жылдың 14 маусымында Шымкент қалалық полициясына шағым түсірген. Содан қылмыстық іс Шымкент қалалық полиция департаментінің тергеушісі Әнуар Тұрабековке жүктелген. Алайда істі тергеп тексеру жұмыстары белгісіз себептермен тоқтап қалыпты. Енді кәсіпкердің әділдік орнап, құзырлы органдар ақшамды қайтарып беруге көмек көрсетсе дейді.