Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдіктердің соңғы видеосы жарияланды

144
30.06.2022 03:37

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы Ақсу өзенінде суға кеткен үндістандық студенттердің видеосы жарияланды.

Бейнежазбада бір топ шетел азаматтарының тізеден келетін суға шомылып, шат-шадыман болып жүргені көрінеді. Жастар у-шумен бірнеше бірнеше метр жерде жүрген достарының суға тұншығып, жағаға ұмтылып жатқанын кешірек байқаса керек. Видеодан азаматты құтқаруға өзге адамның ұмтылғаны байқалады. 

Еске салайық 27 маусым күні 21 жастағы екі үндістан азаматы суға батып кеткен болатын. Оларды іздестіру әліге дейін жалғасуда. Жұмысқа тікұшақ та жұмылдырылған. Одан бөлек Төтенше жағдайлар, полиция департаментің ондаған қызметкері жалпы 5 шақырым аймақты жаяу аралап шыққан. Әзірге қуантарлық ақпарат жоқ.