Алматыда сенбілікке шыққандар қоқыс шығаруға арналған қап орнына Қазақстанның мемлекеттік туын қолданған.
Бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Видео авторының айтуынша оқиға Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде болған. Аталған жайтқа қатысты құқықбұзушылардың қандай жазаға тартылғаны әзірге белгісіз. Айта кетсек, қазақстандықтарға 2020 жылға дейін туды тіпті балконға ілуге рұқсат берілмеген.
Тіптен осындай әрекетке барғандарға 396 400 теңге айыппұл салынған еді. Көптің наразылығынан кейін мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелері қайта қаралды.