Қаламыздағы Бекзат мөлтек ауданында орналасқан саябақта орнатылған орындықтар, спортпен шұғылдануға арналған құралдарды жергілікті тұрғындар сындырып тастаған.
Бүгінгі таңда саябақ маңындағы шөптер қурап, орындықтар сынып алаңқайдың сиқы қашқан. Ал кейбір тұрғындар бұл жерге өз малдарын жайып алаңқайдың ішін ірі қараның қиына толтыруда. Одан бөлек түнде жиналып, ішімдік ішіп, айналаны ластайтын азаматтар да азаймай тұр. Жергілікті тұрғындар болса кеш уақытында демалуға арналған орынның күл-қоқысқа толып, қараусыз қалғанына наразы.
НҰРАХМЕТ ЖАНТӨРЕЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:
- Бұл жерде жақында мал жайылып жүреді, сындырып кетіп жатыр. Осы жердің тұрғындары бала-шағаммен келіп, демаламыз. Әкімдік 109 хабарласып, арыз түсіргеннен кейін енді қолға алып жатыр. Балаларды осында ойнатамыз. Шөптері сарғайып кеткен, орындықтарды сындырып жатыр, лампочкаларды сындырып жатыр. Осыған тосқауыл ретінде күзетші немесе бағбандарды қойып қойса жақсы болар еді.
Бекзат мөлтек ауданы селектор басшылығы болса қанша жерден саябақтап реттеп тазаласақта күнделікті осы жағдай қайталанатынын жеткізді. Осыдан екі күн бұрын демалыс орнының ішіндегі бүлінген шамдарды ауыстырғандықтарын және айналаны суғарып жатқандарын жеткізіп, алдағы уақытта полицейлермен біріге айналаны ластаған азаматтар үшін құқықтық тәртіп шаралары қолданылатынын жеткізді.
ҚАЙРАТ ОСПАНОВ, «БЕКЗАТ» ТҰРҒЫН ҮЙ АЛҚАБЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
- Былтыр қараушысы болған. Осы шамалы аралықта қараушы болмай қараусыз қалып кетті. Күзетші өзі суарып жүретін. Қазір енді осы айдың он төртінен бастап екі жұмысшы алынды. Қазір қадағаланып жатыр. Толық жөндеу жұмыстары жүрді, орындықтар ауысты, жарықшамдар жанды.
Жергілікті атқамінерлер алдағы уақытта саябақ аумағын абаттандырып, тұрақты жұмысшылармен, күзетшілердің болатынын айтты. Басшылардың айтуына қарағанда енді мұндай оқылықтардың орын алмауын жіті бақылауда болатынын жеткізді.