Түркістан
EN

Алматыда қаржы пирамидаларының жетекшілері 8 жылға сотталды

104
28.06.2022

Алматылық тұрғындардың миллиардтаған теңгесін жымқырмақ болған қаржы пирамидасының басшылары сотталды.

World Business Consulting пирамидасының ұйымдастырушылары еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Және сыйақы алуға кепілдік берген. Тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Қаржы пирамидасының ұйымдастырушы азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Қаржылық мониторингтік агенттені азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз немесе туыстарыңыз World Business Consulting әрекетінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз