30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды. Көрші қырғыз елінен қант тасымалдаған 38 жастағы қазақ азаматты КАМАЗ жүк көлігімен өткізу бекетіне келген. Ер адам көлікте тыңайқыш барын айтқан. Алайда «Шоң-Капка-автожолының» шекарашылары көлік тексеру кезінде 30 тоннаға тарта қант тапты. Ол өнімді селитра салынған қаптардың арқасына жасырған. Қазіргі таңда, жүргізуші мен жүкті одан әрі тексеру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.