Түркістан
EN

Мұғалімдердің еңбекақысы неге кешіккен?

183
25.06.2022

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің еңбекақысының кешігуіне байланысты сауалға жауап берді. Бас ұстаздың айтуынша мұғалімдерге берілетін төлемдер - жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыретіне кіреді. Қазір облыс, қала әкімдіктерінде мұғалімдерге төлем жасауға ақша бар, бірақ бюджеттегі түзетулерге байланысты кідіріс болған деді ведомства басшысы. Қазір де төлем жүргізіліп жатыр. Әлі берілмеген 8 миллиард теңге бар екен. Айта кетейік осыған дейін мәжіліс депутаты министрлік мұғалімдерге жалпы соммасы 30 млрд. теңге  болатын жалақыны бермегенін айтып дабыл қаққан болатын.