Түркістан облысында жүк көлігі аударылып қалды. Оқыс оқиға Сарыағаш қаласына кіре берісте болған. Видеодан жүргізушілер жол ортасында аударылып жатқан жүк көлігін айналып өтіп жатқаны байқалады. Сондай-ақ жақын жерде қатты соғылған тағы бір жеңіл көлік тұр. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты КамАЗ жүргізушісінің кінәсінен болған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Соққының салдарынан жүк көлігі бүйіріне аударылып кеткен.